TVCom жаңалықтар

2022 жылдың 1 мамырынан бастап жерсеріктік телевидение "Premium" топтамасының абоненттік төлем ақысы өзгереді

Құрметті tvcom/ Otau TV жерсеріктік телевидение абоненттері!

2022 жылдың 1 мамырынан бастап жерсеріктік телевидение "Premium" топтамасының абоненттік төлем ақысы өзгереді, ол айына 3 300 теңгені құрайды.

Біздің компания ұсынылатын қызметтердің сапасын жақсарту және топтамалардағы арналар санын арттыру бойынша үнемі жұмыс жүргізеді. 3 жыл ішінде HD форматындағы ақылы арналар саны үнемі өсіп отырды, ал қызметтердің құны өзгеріссіз қалды.

Абоненттік төлемақының ұлғаюы қымбат бағалы, оның ішінде HD форматындағы рейтингтік шетелдік арналарды сақтауға және одан әрі сатып алуға жұмсалатын шығындарды өтеуге байланысты мәжбүрлі шара болып табылады.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Сіз Call-Center-ге хабарласа аласыз:
- tvcom: 43-43 (қоңырау шалу тегін),
- Otau TV: 8 8000 800 193 (қоңырау шалу тегін), 
+7(727) 2 581 500.