TVCom жаңалықтар

Телеарналар тізімінің жаңаруы

Құрметті абоненттер!

2026 жылғы 1 маусымнан бастап tvcom хабар тарату желісі жаңа қызықты телеарналармен толығатынын қуана хабарлаймыз. Extreme Sports, Авто Плюс, Big Planet, Мама, Women`s Magazine, Жара, Супер Герои, Cartoon Classics, Mezzo Live, ТОЧКА.РФ арналарын қарсы алыңыздар! Біз жаңа арналарды отбасының әрбір мүшесі — бүлдіршіндерге арналған жарқын бағдарламалар мен музыкадан бастап, үй мен хобби туралы пайдалы хабарларға дейін өзіне ұнайтын контент таба алатындай етіп іріктеуге тырыстық.

Сонымен қатар, құқық иеленушімен жасалған шарт мерзімінің аяқталуына байланысты, 1 маусымнан бастап келесі арналардың хабар таратуы тоқтатылатынын мәлімдейміз: Eurosport 1 HD, Eurosport 2, Discovery Channel, Animal Planet, ID (Investigation Discovery) және TLC.

Бізге сенім артқандарыңыз үшін және бізбен бірге болғандарыңыз үшін алғыс айтамыз!

Барлық сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады:
  • 43-43 (жерсеріктік теледидар абоненттері үшін)
  • 96-96 (интернет-теледидар абоненттері үшін)
2026-05-19 19:39