TVCom жаңалықтар

Абоненттерге ақпараттық хабарлама

Құрметті абоненттер!

ABS-2A (75° шығыс бойлығы) спутнигінен сигнал қабылдауға қатысты уақытша техникалық ақау туралы хабарлаймыз. Бұл жағдай спутниктік сигналды беру орталығы жағындағы штаттан тыс жұмысқа байланысты туындады.

Қазіргі уақытта мамандар ақауды жою және сигналды қалыпты режимде тарату жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Үздіксіз хабар таратуды қамтамасыз ету мақсатында кейбір телеарналар резервтік сигнал көзіне уақытша ауыстырылды. Хабар тарату жалғасуда, кейбір арналарда қабылдау параметрлерінде қысқа мерзімді өзгерістер болуы мүмкін.

Жүйенің тұрақты жұмысын мүмкіндігінше тез қалпына келтіру үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда.

Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз және қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
Барлық сұрақтар бойынша:
43-43 (жерсеріктік теледидар абоненттері үшін)

2026-06-22 18:00