«Наурыз» және «Дастархан» пакеттерінің абоненттеріне арналған ақпарат
Құрметті абоненттер!
2026 жылғы 10 шілдеден бастап «Наурыз» және «Дастархан» пакеттері өз жұмысын тоқтататынын хабарлаймыз.
Телевизиялық қызметтерге қолжетімділікті сақтап қалу үшін аталған пакеттердің барлық абоненттері автоматты түрде «Тамаша» пакетіне ауыстырылады. Бұл үшін ешқандай қосымша әрекет жасаудың қажеті жоқ.
Егер ұсынылған өзгерістер сізге сәйкес келмесе немесе сұрақтарыңыз туындаса, tvcom байланыс орталығына 43-43 нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз. Біз сіздің жағдайыңызды міндетті түрде қарастырып, оңтайлы шешім табуға көмектесеміз.
Бізге сенім артқандарыңыз және tvcom-мен бірге болғандарыңыз үшін алғыс айтамыз!