"UFC-ден Хабибтің қолтаңбасы бар қолғапты және басқа да жүлделерді ұтып ал" Науқанына қатысу шарттары.

  1. Науқан өткізудің мерзімі қазанның 5 - 26 аралығында, сағат 00:00 (Нұр-Сұлтан қаласы бойынша).
  2. Науқан Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында әрекет етеді.
  3. Науқан қатысушылары:
    - Компания интернет-телевизиясының "Premium" жинағы абоненттері;
    - Компания жерсеріктік телевизиясының "Premium" жинағы абоненттері;
  4. Науқанға қатысу үшін қажет:
    - Premium жинағына ақылы жазылуды төлеу (жаңа абонеттер үшін) немесе Premium жинағына ақылы жазылудың кем дегенде науқан мерзімінің соңына, яғни 2020 жылдың 26 қазанына дейін, (қолданыстағы ақылы абонеттер үшін)
    - https://tv-com.kz/ufc сайтына Науқан қатысушысы ретінде тіркелу.
  5. Науқан аясында жүлделер ойнатылады - UFC ұйымының ресми жарнама өнімдері: снэпбектер (бейсболкалар), қолайлы UFC bluetooth-бағаналары, UFC/Reebok қалың жемпірлері, UFC қолғаптары, мониторға арналған UFC bluetooth-құлаққаптары, UFC/Reebok термо-шұлықтары, UFC секіргіші, UFC эспандері, UFC/Reebok футболкасы. Ұтыс ойынының бас жүлдесі - Хабиб Нурмагомедовтың өзіндік қолтаңбасы бар UFC қолғабы.
  6. Жүлде 2020 жылғы 26 қазанның сағат 00:00 дейін барлық тіркелген абоненттері арасында ойнатылады. Жүлде ойыны 2020 жылдың 15 қарашасынан кешіктірлмей өтеді.
  7. Науқан жеңімпазы қатысушының телефон нөмірімен "random.org" порталында сандардың кездейсоқ генерациясы арқылы анықталады.
  8. Науқан жеңімпазы анықталғаннан кейін телефонға хабарласу арқылы жүлдеге ие болған қатысушы хабардар болады. Егер де жеңімпаздың Науқан ұйымдастырушысына (Компанияға) тәуелді емес кез келген техникалық себептерден телефоны байланыс аясынан тыс жерде болса, немесе жеңімпаз қоңырауға 48 сағат ішінде жауап бермесе, онда ол жүлдеге ие болу мүмкіндігін, Науқан ұйымдастырушысының шешіміне қарсы шыға алмай, жоғалтады. 48 сағат өткен соң басқа жүлдегер анықталу үшің сондай тәсілмен қосымша жүлде ойыны өткізіледі.
  9. 1.9. Науқан нәтижелері ұйымдастырушымен https://tv-com.kz/ ресми сайтында орналастырылады.
  10. Жүлдені алған кезде жеңімпаз өзінің жеке ақпараты мен жүлде жөнінде ақпараты бар қабылдап алу актісіне қол қояды. Жеңімпаз жүлдені тапсыру сәтін фотоға түсіруден/жүлдеден бас тартып, Науқанға қатысқаны және жүлдеге ие болғаны жайында әлеуметтік желіге, жарнамалық интервьюге келісімін беруге құқығы жоқ.
  11. Жүлде оның ақшалай баламасына ауыстырылмайды. Бір жүлдені басқа жүлдемен алмастыруға жол берілмейді.
  12. Компания қатысушыларды хабардар етпей-ақ және олардың алдын ала келісімінсіз Науқан шарттарын біржақты өзгертуге құқылы. Шарттар өзгерген жағдайда Компания https://tv-com.kz/ ресми сайтында тиісті ақпаратты орналастыру арқылы Науқан шарттарының өзгергені жайлы қатысушыларды уақытылы хабардар етеді.
  13. Жеңімпазға жүлдені жеткізу "Казпочта" АҚ ең жақын орналасқан пошталық жөнелтулерді беру орынжайына дейін тек қана Қазақстан Республикасының аумағында ғана жүзеге асады.
  14. Компанияның қызметкерлері мен өкілдері, онымен үлестес тұлғалар және көрсетілген адамдардың туысқандары мен отбасы мүшелері Науқанға қатыса алмайды.