TVCOM Интернет-телевизия
тарифтеріндегі өзгерістер

Құрметті абоненттер!

TVCOM Интернет-теледидар қызметтеріне қатысты тарифтердің өзгеретіні туралы хабарлаймыз. Жаңа тарифтер 2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.
«Premium» пакеті бойынша тариф 2 200 теңге/ай (ҚҚС қоса алғанда) мөлшерінен 2 990 теңге/ай (ҚҚС қоса алғанда) болып өзгереді.

Тарифтің түзетілуі OTT инфрақұрылымын қолдау мен дамытуға кететін шығындардың өсуімен байланысты. Негізгі шығындар серверлік жабдыққа, контентті сақтау және жеткізу жүйелеріне (CDN), лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуге (DRM, middleware, кодтау), сондай-ақ техникалық қолдау мен киберқауіпсіздікке жұмсалады. Аталған қызметтердің барлығы шетелдік жеткізушілерден АҚШ долларымен келісімшарт негізінде сатып алынады. Әлемдік бағалардың өсуі мен ұлттық валютаның айырбас бағамының өзгеруі бұл шығындардың айтарлықтай артуына әсер етті.
Міндетті түрде жүргізіліп отырған тарифтік түзету хабар таратудың тұрақтылығын, контент сапасының жоғары деңгейін және қызметтің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жаңа тарифке 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС мөлшерлемесінің көтерілуі де ескерілген, сондықтан қаңтар айында қосымша баға өсуі жоспарланбайды.

Біз сіздердің сенімдеріңіз бен қолдауларыңызды шын жүректен бағалаймыз. TVCOM қызметін таңдағандарыңызға және бізбен бірге болғандарыңызға рахмет! Біз сүйікті контентіңізден барынша ләззат алуыңыз үшін қызметімізді одан әрі жетілдіре береміз.

Барлық сұрақтар бойынша біздің орталық қолдау қызметіне 9:00–21:00 аралығында хабарласуға болады.

Call Center Интернет ТВ: 96-96
WhatsApp нөмірі: 87717788469
Интернет ТВ tvcom