"Күн батқаннан таң атқанға дейін" фильмге рецензиясы


Мақаласының авторы: Карим Кадырбаев
Жақында "Киномикстен" (tvcom_kz рақмет) өзімнің балалық шағымның ең сүйікті деуге болатын фильмді ұстап алдым. Қаншалықты аңқау болғанымды көрмейсіз бе, құрдастарымның арасында ең азулы сайыскерлер Ван-Дамм мен Шварц болса, менің өзімнің жеке масаттану үлгісі міндетті түрде мойны мен иығында пионер алаының татуировкасы бар болатын.

Қысқасы, "Күн батқаннан таң атқанға дейін" мені қазіргі жеріме алып келген киномандықтың алғашқы қадамым болатын. Бұл басынан аяғына дейін, тіпті әрбір кадрына дейін қайта айтып бере алатын сирек фильм сияқты (мзыкасын да әндетіп бере аламын). Ерекше рақатты маған соңғы кадр сыйлаған. Камера бардан алшақтап, оның артында бұған дейін құрбан болғандардың бейіті көрінеді.

Қарап отырған кезде киноның 20 жыл бұрын түсірілгені мүлдем сезілмейтіні қуантады. Және де қазір шын мәнісінде сол жерде түсінбеген кей жерлер күлдіреді. Мысалы, вампирлердің алысқа қатынайтын жүргізушілерді жеп қана қоймай, олардың фураларындағы бүкіл заттарын ұрлағанын қай қорқынышты фильмнен көруге болады? Вампирлерге мүшеқаптың бір фурасы не үшін керек дейсін ғой.

Ал актерлік құрамына тоқталсақ, сол уақыттағы көпшілік үшін Клуни "Жедел жәрдемнің" сүйкімді дәрігері болатын ( ол жағдай менде диссонанс тудыратын). Ал мен үшін ол Сет Гекко есімді ұрлықшы болатын. Өзінің бұлшықеттерінің арқасында емес, бірақ орасан тартымдылығ мен ажарсыз тағдыр тәлкегі есебінен нағыз тестостеронмен атқылайтын батыл, қатыгез.

Квентин Тарантиноны да алғашқы рет сол фильмнен көрдім. Оның бүкіл фильмографиясындағы ең орасан рөл болған сияқты. Оған дейін де, одан кейін де әсерлі эпизодтар орын алатын, бірақ олар қысқа болатын. Ал бұл жерде басынан кеткен "Орама емшектер" барының алғашқы құрбаны болған маньяк Ричи. Және де Харви Кейтель. Ол бірақ батыо болып туылды. Бұнымен ештеме де істей алмайсын. (жалғасы алғашқы комментарийлерде).

Дәл сол видеокассетадағы аударма - бұл жеке тақырып. Мен қазір аудармашыны есіме түсіре алмаймын, бірақ Чиг Маринмен болған аты аңызға айналған эпизод есімде.



Неге екенін білмеймін, бірақ оның фильмде қызық үшін үш эпизодта түскенін (Америка мен Мексиканың шекарасындағы полицей, бардың жар салушысы мен Гекко ағайындылары кездесуі керек болатын Карлос) менен басқа ешкім байқамайтын.

P.S. Не дегенмен қорқынышты фильмдерде Сальма Хайектің семіз питонмен бірге биінен артық сексуалды эпизодтардың түсірілмегенін мойындайықшы. Ешқандай Моника Белуччи мен "Брэм Стокер Дракуласы" да оған татымайды.