"Гив ми либерти" фильмге рецензиясы


Мақаласының авторы: Карим Кадырбаев
Сенің өміріңе жақсы кино күтпеген жерден келуі мүмкін. Мәселен, "Гив ми либерти" картинасымен бірегей болды. Былтыр Канныда кешкі сеанс пен қазақстандық павильондағы өнер көрсетуімнің арасындағы бос уақытты босқа өткізбей "Режиссерлер екі апталығының" кезегіне тәуекелдеп шабуылдауды шештім. Ол жерде, сіздерге үлкен құпия ретінде айтайын, негізгі бағдарламаға кіретін киноның қызығырағын көрсетеді. Одан бір күн бұрын Роберт Эггерстің "Шамшырақ" премьерасына Юля Киммен қосылып бармағаным үшін әлі күнге дейін өзімді кешіре алмай жүрмін. Оның арасында Юляға Роберт Паттинсонның тура артындағы көзірлік орынды алып қалу бұйырды.

Бірақ мен сол сәтте "Гив ми либерти" киносы жайлы ештеңе білмейтінмін. Кирилл Михановский осыған дейін мен көрген, бірақ бірде бір көрінісі есімде қалмаған, Данила Козловский түскен "Дубровскийдің" тең режиссері болатын. Рөлді ойнағандар мүлдем түсініксіз адамдар еді.

Бағымды сынап көрейін деп мен әйтеуір кезекте тұрып шықтым. Күтпеген жерден фестивальдің ең күшті фильміне кіріп қалдым ("Қанішерлерден" кейін әрине). Оқиға ортасында Висконсин штатында, алыс түкпірдегі Милуокиде әлеуметтік көліктің жүргізушісі болып жұмыс істейтін орыс эмигранттарының Вик есімді баласы. Бұл жерде бірден Кэвин Смиттің "Догмасындағы" диалог есіме түседі: - Және де оларды бар орындардың ең жаманына айдап жіберді!

-Тозаққа ма? - Одан да жаман!Висконсинге.

Шын мәнінде, фильмнің бүкіл сюжеті Вик өмірінің шартты "Деликасында" мүмкіндіктері шектеулі американдықтардан бөлек өз отандастарына асқа бара жатқан орыстың апалары мен аталарының жиыны болып қалғандағы есалаң бір күнінен жасалған.

Шын мәнінде, фильмнің бүкіл сюжеті Вик өмірінің шартты "Деликасында" мүмкіндіктері шектеулі американдықтардан бөлек өз отандастарына асқа бара жатқан орыстың апалары мен аталарының жиыны болып қалғандағы есалаң бір күнінен жасалған.

Кадрда түсіндіруге келмейтін адамның ессіздігі мен орыс жанының айтқысыз кеңдігінің (сырнайға қосылған әндермен) шоғырлануы шкаладан тыс шығып кетті. Шын мәнісінде "Гив ми либерти" - ол сондай бір анти-"Горько!". Яғни фильмнің 10-шы минутында сені барлық кейіпкерлер қатты ызаландырса, 20-шы минутта сен олардың барлығын жан-тәніңмен сүйіп кетесін. Соншалықты олар шынайы, тірі, жақын, соншалықтыбір-бірлеріне ұқсаған және өзіндік бір адамдар.

Бұл киноның кең көрерменге жетпегені өкінішті, егер де жеткен болса, онда хит болған кішігірім тәуелсіз киноның феномені болуы әбден мүмкін еді.