OTAU TV-ге 10 жыл!

Біздің басты әріптесіміз, OTAU TV компаниясын және оның ұжымын осындай айрықша күнмен құттықтаймыз!
OTAU TV-ге 10 жыл!

Біздің басты әріптесіміз, OTAU TV компаниясын және оның ұжымын осындай айрықша күнмен құттықтаймыз!

Жиған тәжірибе, білгір басшылық және үйымшыл ұжымның арқасында компания 10 жыл бойы Қазақстан Республикасы аумағында эфирлік сандық жерсеріктік телевизиясының сапалы қызметін ұсынып отырған ұлттық оператордың беделді сауда маркасы болып табылады.

Осы онжылдықтың ішінде OTAU TV елмен бірге осы салада үлкен жол жүріп өтті. Еліміздің біртұтас инфокоммуникациялық кеңістікті қамтамасыз ету - компания жұмысының ең негізгі қорытыныдысы десек болады. Компанияның әлеуметтік маңыздылығы да зор: OTAU TV арқасында телевизия қызметі Қазақстанның ең қашық аудандарында да көрсетіледі. Осы жылдар ішінде компания сенімді, әлеуметтік жауапкершілігі бар және заманауи компания беделіне ие болды.

Біздің серіктестігіміздің тарихында - OTAU TV абоненттерінің «tvcom» жерсеріктік телевизиясындағы ақылы телеарналар топтамасын қосып алу мүмкіндігі. Екі оператор абоненттері барлық 143 телерадиоарналарды көре алады. OTAU TV тегін абоненттерінің ақылы топтамаға өту үшін

тарифтік жоспарды ауыстыру жеткілікті, өйткені олардың оператор желісіне техникалық қосылуы бар.

OTAU TV ұжымын құттықтай отырып tvcom жаңа жетістіктер, қызықты жаңалықтар мен сәтті өркендеуді тілейді!