"Толық ай патшалығы" фильмге рецензиясы


Мақаласының авторы: Карим Кадырбаев
Менің потенциалдық балаларыма көрсететін кино жайлы сіздерге осы аптада жазған болатынмын. Осы жерде сол тізімді тағы бір мен өте жақсы көретін, кез-келген жас шамасында қарауға болатын картинамен толтырмақшымын.

Уэс Андерсонның әсіре жанкүйері болу ортақ нәрсе болды, кей уақытта тіптен ызаландыратын. Неге онда сіз "Рамшор Академиясы", "Дарджилингке апаратын пойыз", "Тенненбаум жанұясы" сияқты тамаша фильмдерді түсіріп, экранға шығарған данышпан жігітті соншама жыл елемедіңіздер деп сұрағым келді. Бірақ, "Толық ай патшалығы" оның фильмдерін мейнстрим етіп жасады, шыны керек ол әбден әділетті. Кинокритика мен киноанализ бойынша басты кітаптарды оқитын болсақ, сарапшылардың көбісі Уэс Андерсонның мүлдем мағынасыз кино түсіргені жайлы пікірге қосылады. Одан аса, ол шынайы өмірден әлдеқайда алыс, ал оның барлық кейіпкерлері - ол көрерменнің эмпатиясын өзінің әсірелеуі мен мысқылдығынан тудыратын образдар.

Менің потенциалдық балаларыма көрсететін кино жайлы сіздерге осы аптада жазған болатынмын. Осы жерде сол тізімді тағы бір мен өте жақсы көретін, кез-келген жас шамасында қарауға болатын картинамен толтырмақшымын.

"Толық ай патшалығы" бұл анықтамаға толығымен сәйкес келеді. Шын мәнісінде фильм ешқашан ешкімде болып көрмеген, әрі абсолютті түрде асексуалдық бірінші махаббат жайлы. Ал кейіпкерлер максималды қисынсыз және сол қасиеттің арқасында одан бетер сүйкімді.

Біз қазір кинематогрофты маниакалды сүйетін әсіре жанкүйер ғана жасай алатын идеалды симметрия мен түстер схемаларын жүзінші рет қайта талқыламаймыз. Ия, бұл Андерсонның фильм тілі қалыптастыратын дүние болғанымен көрермен үшін ол жай ғана құрал, ал көрермен үшін кино не дегенмен біріншіден алған әсерімен құнды. Осы тұста "Толық ай патшалығы" бірегей тәжірибе сыйлайды. Ол синтездеуге келмейтін әдепсіздік пен арсыздықтан айырылған сол нағыз жан тебірентерлік алғашқы құштарлық сезімін оятады.