Қысқа да жарқын "видиктегі киноның" дәуірі, меніңше, түйіскен мыңжылдықтар мәдениетінің ең маңызды бөлігі болған сияқты. Әсіресе бізде. 80-ші жылдарда видик тек бірер адамда болатын, 90-шы жылдарда көпшілікте болды, 2000 жылдары ешкімге де керек болмай қалды. Әлі есімде, 2003 жылы "Жаман жігіттер 2" DVD-ден ақ көретінмін. Айта кетер жайт, DVD дәуірі одан да қысқа болды, ал оның орнын басқан Blu-ray форматы тіптен іске аспай қалды. Бірақ қайтып 90-жылдарға оралайықшы.