Е.ТЕЛЕМИСОВ « McMafia » СЕРИЯСЫНДА ҚАЛАЙ ӨТТІ?


Мақаласының авторы: Ерден Елемисов
Дудь сияқты бастайын, жерсеріктік және интернет телевизиясының компаниясы -@tvcom_kz-тегі менің жақын достарым McMafia хикаясына қатысқаным жайлы баяндап бергенімді сұрады. Соны рақаттанып айтып берейін.

2019 жылы "Үздік драмалық хикая" номинациясында EMMY жүлдесін иеленген McMafia американдық-британдық хикаясына сәті түсіп 2018 жылы менің достарым Мурату Мукашев пен Нуркен Туматаевпен бірге түстік.

McMafia хикаясы америкалық АМС ("Жаман жолға түсу", "Тірі өлік") және ағылшындық BBC One ("Үшкір маңдайшалар", "Табу") екі ірі компанияларының серіктестігі нәтижесінде дүниеге келген. Сюжет британдық журналист Миша Гленнидің "МакМафия: байыппен ұйымдасқан қылмыс" атты кітбына негізделген. Хикаяның түсірілімдері Лондон, Хорватия, Катар, Мумбай, Каир, Белград, Белиз, Стамбул, Тель-Авив, Мәскеу қалаларында жасалды. Әр бөлімнің бюджеті бірнеше миллион фунтты құрады.

Бұндай керемет жобаға менің қалай кіргенім жайлы мені жиі сұрайды, Қазақстанда кастингті ешкім ұйымдастырған жоқ қой. Барлығы менің әлеметтік желілердегі белсенділігімнің арқасы.

2017 жылдың 27 қазанында маған Facebook желісіне белгілі сазгер, скрипкашы және дирижер Марата Бисенгалиевтен хабарлама келді. Хабарламада ол Лондонда тұратын актриса қызы Арухан Галиева өзінің кастинг-директоры Джина Джейді ("Гранд Будапеш отелі", "Шотландияның соңғы королі") қазақ актерлерімен байланыстыру кажеттілігі жайлы жазды. Марат Facebook-те менің досым болған соң маған хабарласуды жөн көрді. Қалғаны техникалық мәселе болатын. Ғажап емес пе?

Түсірілім Лондонда бір ай бойы өтті, ал түсіретін күндеріміз не бары бесеу болатын. Сондықтан қалған уақытты біз қыдырытынбыз. Бір жолы қыдырып жүріп байқамай 20 км жүріппіз.

Голливудтік киноға түсу өте сүйсінерлік. Лайықты төлемақы, актерлерге ерекше көңіл бөлу, брлығы сағат сияқты жұмыс жасайды, шетелдік әріптестермен қатынас.

Бәрінен бұрын Джеймс Нортонмен ("Соғыс және бейбітшілік", "Гранчестер") тілдесіп қалдық - ашық позитивті жігіт екен. Сюжет бойынша ол мені құлаштап тұрып шойын гірмен самайымнан ұрып, ал мен тренажерлердің арасындағы тар ойыққа арқаммен құлап түсім керек еді.

Джеймс мені қатты уайымдады, әр жасалған дубльден кейін қасыма келіп, тұруға көмектесетін. Мен құлауды әсерлі ойнап шығуымды жеңілдету үшін мені қаттырақ ұрғанын өтінген кезде таң қалатын.

Және де, әрине, кейіннен "Чернобыль" хикаясында Горбачевтің рөлін ойнаған швед актері Дэвид Дэнсикпен өте жақсы араластық. Дубльдер арасында біздердің жылқыны қалай дайындайтынымыз жайлы бөліссем, Мурат әдеттегідей масондардың әлемдік қастандығы жайлы айтып беретін. Дэвид бізді ұмытпас деген ойдамын, әсіресе сюжет бойынша оны өлтіретінімізді ескергенде.