"Паразиттер" фильмге рецензиясы


Мақаласының авторы: Карим Кадырбаев
Жақында мен бір естелікнамаға кезіктім. Ол жерде "Жаныңды түршіктір, бұл небәрі екі ай бұрын болған" деген жазуы бар, қолында "Оскар" ұстаған ПонДжун-Хоның суреті болды. Менің жаным шынымен түршікті. Ирония-сен рақымсызсың... Бұл керемет фильмде көптеген сарындарға қарамастан, негізгі біреуі бар. Ол - қандай да жабдықталған үй болмасын, абақтыға айналуы мүмкін. Дәл қазір мен өз үйінің тұтқындары болып қалған кейіпкерлер жайлы емес, бірақ жертөле қабатындағы өз мекендерінен жоғарыға көтеріліп, өз ойлары бойынша бостандық иісін сезгілері келген кейіпкерлер жайлы айтып отырмын (шын мәнісінде барлығы бұдан да қорқынышты болып шықты). Бұған тағы бір айтарлықтай маңызды уәжді қосуға болады. Ол - бұл кино бізге қолайсыз сәтте түшкірмеу және ара-қашықтықты сақтау керек екенін қатты меңзеді (осындай топастау каламбур).


Мен шын жүрегіммен киноны жақсы көремін. Және де карантин бойы осымен айналысып келемін, қалыпты өмірімізге оралуға мүмкіндік берген кезде бұдан да белсене жалғастырамын деп үміттенемін. Осы уақыт бойы біз режиссерлер, актерлер, продюссерлер, жалға берушілер және кинотеатр иелерімен көп араластық. Барлығы дерлік түсірілім алаңдарына, залдарға қайта оралуды, сценарийлерді жазып, монтаж үстелінің басында ауыз көпіргенше дауласып, премьераларға дайындалуды армандап жүр. Бірақ одан да бетер 5-7 жылдан кейін 2020 жылы крантин, дөрекі коронавирус, экономиканың күйреуі, 42500 теңге және т.б. осы күнге лайық белгілер жылы есебінде емес, ең аз дегенде "Оскардағы" "Паразиттер" триумфы ретінде еске түсіргім келеді.