"Крик" фильмге рецензиясы


Мақаласының авторы: Карим Кадырбаев
Қысқа да жарқын "видиктегі киноның" дәуірі, меніңше, түйіскен мыңжылдықтар мәдениетінің ең маңызды бөлігі болған сияқты. Әсіресе бізде. 80-ші жылдарда видик тек бірер адамда болатын, 90-шы жылдарда көпшілікте болды, 2000 жылдары ешкімге де керек болмай қалды. Әлі есімде, 2003 жылы "Жаман жігіттер 2" DVD-ден ақ көретінмін. Айта кетер жайт, DVD дәуірі одан да қысқа болды, ал оның орнын басқан Blu-ray форматы тіптен іске аспай қалды. Бірақ қайтып 90-жылдарға оралайықшы.



Теледидардан кино мен клиптерді видикке жаз бөлек хикая болатын. Қазір теледидар алдында rec пен pause батырмаларын не үшін басып отырғандарымызды 20-жастағыларға түсіндіре алмайсың. Өйткені пленканы босқа "Сұлтан" макарондары немесе блендамед жарнамасына құртып отырған есалаң көрінесің. Осы жерде, қателеспесем, "КТК" арнасынан "Айқайдың" түгел үш бөлімін жазып алуға тырысқаным есіме түсіп кетті. Айта кететін жайт "Айқай" "Күн батқаннан таң атқанға дейін" киносынан кейін менің саналы жасымда қараған екінші қорқынышты кином еді.



Маған слэшер (ол кезде ондай сөзді де білмейтін едім) құрылымы ерекше ұнайтын. Және де сол кезде мені Крейвеннің тұлғасы қызықтыра бастады. 80-жылдарда менің балалық шағымның басты жауызы Фредди Крюгерді тудырған аяусыз шал. Крейвен осы "Айқайда" дәл сол жанрды қанап пайдаланған өзінше бір жанр кейпі.



Біріншіден, бұған дейін ешкім (Хичкоктен басқасы болмаса) фильмнің алғашқы он минутында актерлік құрамдағы алғыз жұлдызды (кімде кім білмесе Дрю Бэрримор) өлтірмеген.



Екіншіден кино бір жағынан, өзі шығарылған жанрдың бар клишелерін үнемі мазақтаса, екінші жағынан оларды құрметтейді. Оған қоса трилогия әйгілі киноның барлық канондары бойыша шығарыған.



Бұл жерде мақтанып кинотанушы болып ойнаса, қорқынышты фильмдерге қатты тіркеулі "табынушылық" түсінігі бар. "Әйгілі қорқынышты киносы" алгоритімінің бірден бір түрі келесі схемада көрсетілген: бірінші бөлім ол каноникалық хикая, екіншісі - бірінші хикаяның ремейкі (естеріңізге түсірсеңіздер "Айқайдың" екінші бөлімінде бас кейіпкерлер картина түсірілімінде болып қалады, ал ол бірінші бөлімнің негізінде жатқан оқиғалар болатын), ал үшіншісі алғашқы екі бөлімге түсірілген өзінше бір пародия (бұл жерде ең қызығы, "Айқайдың" үшінші бөлімінің өзі алғашқы екеуінен күлкілі болып шықты. Және де дәл сол уақытта "Айқайдың" шын пародиясы мен танымал жоба - "Өте қорқынышты кино" шықты).



Осы алгоритм бойынша өз уақытында "Түнерген өліктер" және (кешірім сұраймын) "Адами көпаяқ" жасалған. Бірақ мен оны, әрине, кейін ақылды кітаптардан, тура сол сияқты классикалық қорқынышты кинолар трилогияларына, "Суспириялардан" бастап "Хэллоуинге" дейін, тіптен сол "Шегіршіндер көшесіндегі сұмдыққа" да жасалған сілтемелер жайлы білдім. (Ал данышпандар өз өздеріне сілтеме жасай алады). Ал әзірше міне мен видеокассетаның сынық тілшесін желімдеп, жазу режимін SPден LPге ауыстырып отырмын (сапасы төмендейді, бірақ үш сағаттық кассетаға алты сағаттық видео жазылатын.



Айтпақшы, мен үш бөлімнің барлығын сол күйі жаза алмадым. Міндетті түрде, я бас жағын жіберіп аламын, я аяқ жағына таспам жетпей қалатын. Одан кейін үйдегі кассеталардың барлығы шайналған болатын. Өйткені неге? Дұрыс! Өйткені мен оларға теледидардан фильмдерді жүз елу рет жазатынмын.



P.S. Айтпақшы, Крейвен фильмографиясының соңғы фильмі "Айқай 4" болды. Өзі жаман емес, бірақ франшизадағы бөлек дене ретінде көрінеді. Ал кейіннен шыққан аттас хикая болса тіптен эксгумация не түпнұсқаның мәйітін зорлау.